Меню KDT
logo.jpg
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Алматыда жыл басынан бері экологиялық нормалар 6 мың рет бұзылған

Алматыда жыл басынан бері 6 мың рет экологиялық нормалардың бұзылғандығы анықталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, Алматыда жыл басынан бері санитарлық және экологиялық нормаларды сақтауға қатысты 5 мың 964 әкімшілік құқықбұзушылық әрекет тіркелген.


«Қаланы абаттандыру ережесін бұзғаны үшін — 3 747 адам, рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін — 901, жануарларды күту ережесін бұзғаны үшін — 252, жасыл желекті күту және қорғау ережесін бұзғаны үшін — 1 064, ағаштар мен тал-шіліктерді заңсыз кескені үшін — 2 және пайдалануға тыйым салынған, құрып кетудің алдында тұрған өсімдіктер немесе жануарларға қатысты заңсыз әрекеттері үшін 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері барлығы 20,4 миллион теңге айыппұл салды. Әзірге, бұл соманың 70 пайызы, яғни 14,3 миллион теңге мемлекет пайдасына өндіріп алынды», — деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов. Осыған байланысты Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты аялай білуге және оған қатысты заңнамаларды сақтай білуге шақырады.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение
Партнеры