04.05.2016
Просмотров: 67
Алматыда жыл басынан бері 6 мың рет экологиялық нормалардың бұзылғандығы анықталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат. Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, Алматыда жыл басынан бері санитарлық және экологиялық нормаларды сақтауға қатысты 5 мың 964 әкімшілік құқықбұзушылық әрекет тіркелген.